Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақтың экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды
Атап айтқанда, елші Еуропалық одақтың жүйелі тәуекелдерге қарсы тұратын жаңа институттар құруын құптады және осы бағыттағы еуропалық тәжірибені тиімді пайдалану қажеттігін атап көрсетті.
Е.Өтембаев еурокомиссарға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) президенті Филипп Майштадттың осы жылғы сәуірдің 10-ындағы кездесуінің қорытындылары туралы хабардар етті, онда ҚР мен ЕИБ арасында банктің Қазақстандағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімге қол қойылды, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен ЕИБ арасында «Жол картасын» жасау жөніндегі жұмыстарды бастау жөнінде шешім қабылданды, онда орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған нақты жобалар көрініс тапқан.
ЕО комиссары ЕИБ-тің Қазақстанда жұмысын бастауын жоғары бағалады және тараптар арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың басталуын құптады.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің маңызды рөлін атап өтті, бұл ҚР Үкіметі мен Қазақстанда жұмыс жасап жатқан инвесторлар арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз етеді.
Еурокомиссар Еуроодақ пен Қазақстан арасында өзара тиімді диалогты нығайтудың әлеуеті зор екенін атап өтті.