13:21, 20 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Брюссель Еуро-2020 матчын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия астанасы Брюссель стадион құрылысының кешеуілдеп жатқанына байланысты 2020 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды АР.
Еуропа чемпионатының 60 жылдығына байланысты УЕФА бұл турнирді 2020 жылы құрлықтың 13 қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Брюссельдегі «Еуростадиум» топтық кезеңдегі үш және 8/1 финалдың бір матчын қабылдауы тиіс болған.