Брюсселде Еуроатлантика Әріптестік Кеңесінің кезекті отырысы өтті
Отырыстың жұмысына Бельгия Королдігіндегі және Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев қатысты.
НАТО-ның Бас хатшысы өзінің бірінші отырысында Әріптестіктің шешуші аспектілері туралы әңгімеледі және НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдасын даярлау үшін құрылған сарапшылар тобының міндеттерін айқындады. Күн тәртібінде жеке мәселелер ретінде жаппай қырып-жою қаруын таратпау және химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық қарудан қорғану бойынша НАТО-ның кешенді саяси мәселелері қаралды.
Жаппай қырып-жою қаруын таратпау проблемасы осы проблема бойынша халықаралық қауымдастықтың күш-жігеріне қомақты үлес қосып отырған Қазақстан үшін де маңызды. НАТО-ның және Еуроатлантика Әріптестік Кеңесінің елшілері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тамыздың 29-ын Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау туралы бастамасымен танысты. Бұл бастаманы Президент ағымдағы жылғы маусымның 18-інде Семей ядролық полигонында сынақтың 20 жылдығына орай сөйлеген сөзінде, сондай-ақ шілденің 1-інде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінің ашылуында айтқан болатын.
Қазақстан Президентінің бастамасы оң қабылданды және НАТО-ның мамандарымен кездесу барысында осы саладағы ынтымақтастықты дамыту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.