Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр

БІШКЕК. KAZINFORM – Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері – Мұрат Нұртілеу мен Жээнбек Құлубаевтың кездесуі өтіп жатыр. Бұл туралы «Кабар» агенттігі хабарлады. 

Екі елдің сыртқы істер министрлері кездесті
Фото: Kabar.kg

Ресми сәлемдесу және суретке түсу рәсімінен кейін тараптар шағын құрамда мәжіліс өткізу залына кірді.

Айта кетсек, ҚР СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға Жээнбек Құлубаевтың шақыруымен ресми сапармен барған болатын. Сапар аясында қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігі мен одақтастығының өзекті мәселелері талқыланады. 

Соңғы жаңалықтар