Бішкекте мейрамханалар, барлар мен клубтар кешкі сағат 22:00-ден кейін жабылады

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан астанасында тыныштық туралы заң талаптары күшейтілді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Рестораны, бары и клубы в Бишкеке не будут работать после 22:00
Фото: restolife.kz

Бішкек мэриясының бұйрығына сәйкес, ел астанасындағы барлық мәдени және ойын-сауық орындары, соның ішінде дәмханалар, мейрамханалар, барлар, клубтар және банкет залдары кешкі сағат 22:00-ден жұмысын аяқтауы тиіс.

- Электр қуаты арқылы жұмыс істейтін, әсіресе энергияны көп тұтынатын барлық құрылғылар (электр плиталары, жылытқыштар, пештер және т.б.) кешкі сағат 10:00-ден кейін өшірілуі тиіс, - делінген хабарламада.

Аталған уақыттан кейін қатты музыка, жарықтандыру немесе тыныштықты бұзатын басқа да әрекеттермен байланысты шулы іс-шараларға тыйым салынды.

Сонымен бірге, егер мекемелер тұрғын үйлерден алыс орналасқан болса және толық тыныштық сақталған жағдайда электр генераторларын пайдалануға рұқсат етіледі. Талаптардың орындалуы тұрақты рейдтер арқылы қадағаланатын болады.

Бұған дейін Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамчыбек Ташиев жергілікті телеарнаға берген сұхбатында тыныштық туралы заңға сәйкес барлық дәмханалар, мейрамханалар, банкет залдары, түнгі клубтар және ойын-сауық орындары кешкі сағат 22:00-де жабылуы керек екенін мәлімдеген болатын.

Қала, аудан және облыс губернаторларына заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және кешкі сағат 22:10-нан кейін ойын-сауық орындарына электр қуатын өшіру тапсырылды.

Бұған дейін Қырғызстанда электр энергиясына шектеусіз тарифтер алынатынын жазған едік.

Сондай-ақ ел бойынша білім беру мекемелерінде электр энергиясын үнемдеу шаралары енгізіліп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум