Бішкекте өткен Азия чемпионатында Азамат Дәулетбеков күрестен қола жүлде алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Азамат Дәулетбеков қола жүлдеге қол жеткізді.
92 келі салмақта үшінші орын үшін белдесуде жапондық Такаши Исигуромен кездесті.
Дәулетбеков үзіліске дейін бірнеше нәтижелі жүріс жасап, 6:0 есебімен алға шықты.
Екінші кезеңде екі спортшы да ұпай ала алмады. Осылайша Азамат Дәулетбеков белдесу қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Айта кетейік, бұған дейін 86 келі салмақта қола жүлде үшін белдесуде Болат Сақаев Хидир Сайпудиновке (Бахрейн) есе жіберген болатын.
Бқдан бұрын еркін күрес шебері Азамат Дәулетбековтің Азия чемпионатының финалына шығу үшін күресетінін жазған едік.