Бішкектегі қарттар үйіндегі өрттен зардап шеккендерге донор қаны қажет

АСТАНА. KAZINFORM — Бішкектегі қарттар үйінде болған өртке байланысты Республика­лық қан орталығы зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін донор қорының шұғыл толықтырылуы қажет екенін хабарлады. Бұл туралы Кабар жазды.

Сотрудники ТРК Президента традиционно стали донорами крови
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Орталықтың мәліметінше, мереке күндері донор қанының тапшылығы дәстүрлі түрде күшейеді. Себебі көптеген донор демалысқа кетіп, қан тапсыру пункттеріне сирек келеді, ал қанға деген сұраныс керісінше азаймай, арта түседі.

— Көмек көрсеткісі келетін азаматтар Бішкек қаласы, Шыңғыс Айтматов даңғылы, 60 мекенжайына жүгінуіне болады. Мереке күндеріндегі жұмыс кестесі: 7, 8 және 9 қаңтар — сағат 08:00–ден 14:30–ға дейін. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Қан тапсырардың алдында және сол күні майлы, қуырылған және сүт өнімдерін тағамнан алып тастау керек, — делінген хабарламада.

Республикалық қан орталығы бейжай қарамайтын азаматтарды зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, адам өмірін сақтауға өз үлесін қосуға шақырады.

Еске салсақ, 6 қаңтарда Бішкектегі қарттар үйінде өрт шығып, екі адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар