Будапештте «Беймәлім Қазақстан» атты фотокөрме ашылды

Будапешт қаласының «Корвинус» экономикалық университетіндегі көрмесінде ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдап отырған соңғы екі жылдың ең жарқын жобаларының ішінен іріктеп алынған таңдаулы жұмыстар ұсынылды. Қор және «Intel» мен «Nikon» компаниялар көмегінің арқасында кәсіби фотосуретшілер тобы Тянь-Шань тауынан Каспий теңізіне дейін шалғай жерлерге экспедицияны ұйымдастыруға мүмкіншілік беріліп, еліміздің сан алуан табиғатын бейнелеп көрсететін тамаша табиғи көріністерінің топтамасын жинады.
Ашылу салтанатында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов, Мажарстан Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрлігінің мәдени дипломатиясы үшін жауапты Мемлекеттік хатшысы Иштван Ийдьярто, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары Сергей Тоқтаров, «Корвинус» университетінің ректоры Жолт Роштовани мен «Беймәлім Қазақстан» жобасының әріптес авторы, фотосуретші Андрей Шишкалов сөз сөйледі.
Көрмеге зор қызығушылығын танытқан қонақтар - дипломатиялық корпус, қазақ диаспорасы мен Қазақстанның достары тобының өкілдері, сондай-ақ осы елдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер мен Мажарстан студенттері болды.
Жоспардың мақсаты - Қазақстанның туристік бағыттағы тартымдылығын арттыру болмақ.
Аталмыш көрме 2014 жылғы 28 қарашаға дейін жалғасады