Буэнос-Айрестегі наразылық кезінде 15 адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM – Аргентина конгресінің ғимараты маңындағы үкіметке қарсы наразылықтар кезінде 15 адам зардап шекті, деп жазады Риа новости.

аргентина
Фото: ria.ru

TN телеарнасының хабарлауынша, полиция наразылық білдірген екі адамды ұстаған.

Жаңа президент Хавьер Милейдің экономикалық реформасы қарастырылып жатқан конгресс ғимаратына аргентиналықтар екінші күн жиналып жатыр. РИА Новости тілшісінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер жол бойындағы көлік қозғалысын жауып тастады, ал қауіпсіздік күштері оларға қарсы таяқ, газ және резеңке оқтарды қолданған.

Латын Америкасы елдерінде наразылық білдірудің дәстүрлі тәсілі - халық қол соғып, қазандарды ұрады.

 Ұлттық валютаның құнсыздануы, бағаның күрт өсуі, жалақының өспеуі және жаңа үкіметтің жақын болашақта қандай да бір жеңілдігі, уәде етілген жекешелендіру мәселесі көптеген адамдарды көшеге шығуға мәжбүр етті. Милей билікке келгеннен бері кәсіподақтар мен солшыл қозғалыстар бірнеше ірі наразылық акциялары мен мыңдаған адамның қатысуымен ереуіл өткізді.

Соңғы жаңалықтар