16:24, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Бұған дейін елдеріміз арасында қол жеткізілген уағдаластықтар қырғыз тарапынан жиі орындалмады - Қырғыз президенті
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бұған дейін елдеріміз арасында қол жеткізілген уағдаластықтар қырғыз тарапынан жиі орындалған жоқ.

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлім етті.
«Бүгін Қазақстан Президенті атап өткендей, сөзден іске көшуіміз қажет. Өте көп келісімге қол қойылды. Дегенмен, өкінішке қарай олардың басым бөлігі негізінен қырғыз тарабының кінәсінен қағаз күйінде ғана қалып қойды», - деді ол.
Сонымен қатар А.Атамбаев өз елінде орын алған тұрақсыздыққа, жекелеген рейдерлік фактілерге қарамастан Қырғызстан экономикасына ауқымды қаржы құйған Қазақстанның инвесторларына ризашылығын білдірді.