Бүгін Ақордада Қазақстан мен Германия арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ГФР-дің Федералдық Канцлері Ангела Меркельдің кездесуінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Бүгін Ақордада Қазақстан мен Германия арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Атап айтқанда, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен ГФР-дің экология, қоршаған ортаны қорғау және ядролық реакторлардың қауіпсіздігі федералдық министрлігі арасында қоршаған ортаны қорғау бойынша әріптестік аясындағы іс-қимыл бағдарламасына; ҚР Үкіметі мен ГФР Үкіметі арасында экономика саласындағы басшы кадрларды және басқару резервінің біліктілігін арттыруға арналған ынтымақтастықты жалғастыру ниеті туралы бірлескен мәлімдемеге; Стратегиялық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесін құру меморандумына қол қойылды.

Сонымен қатар, Ақордада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Siemens AG» концерні арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумды, мұнымен қоса ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС-де ынтымақтастық жөніндегі меморандумды бекітті.