13:20, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Бүгін Астанада жамбас түбінің хирургиясы мен урогинекология мәселелері жөніндегі халықаралық конгресс басталды
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында «Жамбас түбінің хирургиясы мен урогинекология мәселелері» атты халықаралық конгресс басталды.
Конгресс 3 күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Конгреске ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, эндобейнехирургия саласындағы медициналық құрал-жабдықтарды әлемдік деңгейде өндіруші КагІ Storz GmbH & Co. KG компаниясының (Германия) жетекшілері Сибилл Шторц ханым мен Карл-Кристиан Шторц мырза (Германия), Ұлттық Медицина академиясының құрметті мүшесі, профессор Морис-Антуан Бруа (Франция) қатысты. Аталмыш шара аясында профессор А.А. Попов (Ресей), доктор Р. Бочоришвили (Франция) және доктор Д. Шайнер (Швейцария) оқу-әдістемелік дәрістер оқыды. Сондай-ақ операциялардан тікелей бейнетрансляция жүргізілді.Конгреске қатысушылардың пікірінше, гинеколог, уролог және проктологтарды тәжірибеден өткізбестен және арнайы оқу жұмыстарын жүргізбестен жаңа технологияларды қолдану мүмкін емес. Ол үшін шетелдік клиникалар мен университеттердің тәжірибелерінен үйреніп, олармен ынтымақтастық орнатқан жөн. Акушерлік-гинекологиялық салада эндобейнехирургия тәсілін дамыту мақсатында, жамбас түбі және урогинекологиялық аурулардың көбеюіне байланысты аталмыш науқастарды емдеу үшін арнайы жабдықталған орталықтар мен арнайы жетілдірілген және кәсіби біліктілігін арттырған дәрігерлерді дайындау қажет болып отыр. Осы орайда бүгін Ана мен бала ұлттық орталығы базасында қазіргі заманға сай жабдықталған оқу орталығы ашылғандығын айта кеткен жөн.ҚазАқпарат анықтамасы: Соңғы 10 жылда көптеген ауру түрлерін емдеудің жылдам және жаңа кішіинвазивті әдістері ? эндобейне және эндоваскулярлық хирургия енгізілуде. Эндобейнехирургия (немесе эндоскопиялық хирургия) ? бұл табиғи физиологиялық тесіктер немесе кішкентай тіліктен, ешқандай қосымша тілік жасамастан ішкІ органдарға арнайы құрал-жабдықтар арқылы манипуляция жасау тәсілі. Эндобейнехирургия соңғы жылдары гинекология саласында көп қолданылып жүр. Ол аз жарақат алуымен, адам ағзасының ең қиын және қол жетпейтін жерлерінде операция жасау мүмкіндігімен, операциядан кейінгі асқынудың жиілігін төмендетумен, науқастардың ерте сауығу мүмкіндігімен ерекшеленеді.