Бүгін Астрахань облысының үкіметтік делегациясы Маңғыстау облысына келді

АҚТАУ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Ресей Федерациясы Астрахань облысының үкіметтік делегациясы Маңғыстау облысында келді, ресейлік мәртебелі қонақтарды облыс әкімі Қ.Көшербаев қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайлы егжей-тегжейлі баяндап, екі елдің Астрахань мен Маңғыстау облыстары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне байланысты ұсыныс-пікірлерін айтты. Сөз облысты азық-түлік, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету т.б. салалардағы мүмкіндіктерді пайдалану туралы болды. Астраханьдықтар одан кейін "Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағына", "Каспий машина жасау кешеніне", осы кешендегі мұражайға барып, аралап көрді. Ертең ресейлік меймандар Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес құрылымдары мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездеспек. «Берекет» МКК-нің жұмысымен танысып, құрылыс саласындағы мемлекеттік органдар және бизнес өкілдерімен кездеспек, сондай-ақ облыстық өлкетану мұражайында болады.
Соңғы жаңалықтар