Бүгін Бакуде түркітілдес елдер ынтымақтастығы экономика министрлерінің отырысы өтеді
БАКУ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Баку қаласында түркітілдес елдер ынтымақтастығы экономика минстрлерінің екінші отырыс өтеді.
Шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан елдерінің экономика министрлері, сондай-ақ экономиканың жекеменшік және мемлекеттік секторларының өкілдері қатысады.
Қазақстандық делегацияны Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев басқарады.
Отырыс барысында экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, оларды кеңейту болашағын талқылау жоспарлануда. Отырыс қорытындылары бойынша сондай-ақ 23 тамызда Бішкек қаласында өтетін түркітілдес елдері кеңесінің алдағы саммитіне ұсыныстар дайындау көзделген.