Бүгін Оралда «Шерлі шежіре аманаты» атты халықаралық форум басталады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін, 29 мамыр күні Орал қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихи тағылым - өткенге тағзым» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Шерлі шежіре аманаты» атты халықаралық форум басталады.
None
None

Қазақстан халқы БҚО ассамблеясынан түскен мәліметке қарағанда, алдымен қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіші жанында еске алу шарасы өтеді.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» жобасына арналған ғылыми еңбектер көрмесі, сондай-ақ «Батыс Қазақстан облысының тарихы - жасампаздық пен жетістіктер жолы» құжаттық-экспонаттық көрмесі ашылмақ.

Қазақ театрында «Мәңгілік ел» - ұлттық тарих пен тарихи зердедегі құбылыс ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысы өтеді. Оған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов қатысып, сөз сөйлейді деп күтілуде.

Халықаралық конференцияға Қазақстанмен қатар ТМД, АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген ғалымдар қатыспақшы. Секциялық отырыстармен жалғасатын конференция сол күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қорытындыланып, ол тарихи сабақтар, кітаптардың таныстырылымы, қала жастарымен кездесу сынды шараларға ұласпақ.

30 мамырда іс-шаралар Сырым ауданының Жымпиты ауылында («Алаш» саябағы) жалғасады. Мұнда «Алаш мұратынан - «Мәңгілік ел» белесіне» атты еске алу шарасы болады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ҚХА: 20 ізгі іс» қайырымдылық акциясы, депортациялар, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған ас, «Әйел денсаулығы - Ұлт денсаулығы» әлеуметтік кеңес беру, жастарға арналған «Құрмет. Түсіністік. Келісім» әлеуметтік тренингі, аудан халқымен «Қоғамдық келісім және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында кездесу, «Теңдессіз сый» шарасы өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар