Бүгін Өскеменде Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының VII Форумы ашылады
Екі елдің президенттері ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының VII Форумының пленарлық отырысы жұмысына қатысады деп күтілуде.
Бизнес форумның алғашқы күнінде негізгі бес бағыт, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы, көлік логистикасы мен туризм, ғылым мен инновация, атом өнеркәсібі бағыттары бойынша панельді сессия өтеді деп жоспарланған. Бизнес-форум аясында өзара ынтымақтастық туралы 30 келісімге қол қою көзделіп отыр.
Аймақаралық форум бағдарламасы айта кетерлік жұмыстарға толы, жоғарыда атап өткен Қазақстан мен Ресейдің іскерлік және ғылыми орталарының кездесулерінен басқа бірінші күннің өзінде «Инновация мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына энергия үнемдейтін технологиялардың енгізілуі. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің даму перспективалары» атты халықаралық конференция өтеді.