15:25, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Бүгіннен бастап Кедендік одақ аясында жаңа кедендік кодекс күшіне енді
ілденің 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгіннен бастап Қазақстан, Ресей мемлекеттері арасында жаңа кедендік кодекс күшіне енді. Бұл туралы бүгін осы мәселеге байланысты журналистерге арнайы сұхбат берген Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

Министрдің айтуынша, осы уақыттан бастап, Қазақстан мен Ресей арасында бірыңғай кедендік аймақ қалыптасты. Енді Ресеймен арадағы тасымалданатын тауарлар декларацияланбайды.
Сондай-ақ осы екі мемлекетке тасымалданатын тауарлар бірыңғай импорттық бажбен енген болса, оларды кедендік процедурасыз, яғни кедендік декларациясыз өтеді. Бұған қоса Қазақстан азаматтары үшін 3-10 жылдың аралығында пайдаланылған көліктер үшін жеңілдетілген режім күшіне енеді, деді Ж. Айтжанова.