Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2025 жылдың 15 қарашасында Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, «Қазгидромет» 15 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялап, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел соғатынын хабарлады.
Сондай-ақ демалыс күндері күн райы қандай болатыны да белгілі болды.