Бүгін Ақтөбе, Қостанай, түнде Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 25 шілдеде қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтөбе, Қостанай, түнде Атырау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда ауадағы күкіртсутегінің мөлшері нормадан 10 есе асып кеткенін жаздық.
Ал Павлодар облысының экологиялық картасы жарияланып, онда қай қаланың ауаны көбірек ластайтыны айтылған.
Сондай-ақ Алматыда жылыту маусымы аяқталса да, ауа сапасы неге жақсармай тұрғанын жаздық.