Бүгін әлем чемпионатында Франция мен Аргентина екінші ойынын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында 22 маусым және 23 маусымға қараған түні төрт ойын өткізіледі.

Бүгін әлем чемпионатында Франция мен Аргентина екінші ойынын өткізеді
Фото: Fifa.com

Бұл жолы I және J тобындағы құрамалар екінші тур ойындарын өткізеді.
I тобында 23 маусымда Қазақстан уақытымен 00:00–де Франция және Ирак құрамалары шеберлік байқасса, бұл топта 19 маусымда сағат 0\5:00-де Норвегия мен Сенегал жасыл алаңға шығады.

Алғашқы турда Франция Сенегалды 3:1, Норвегия Иракты 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ J тобында 22 маусымда сағат 22:00–де Аргентина — Аустрия, 23 маусымда 08:00–де Иордания мен Алжир кездеседі.

Бірінші турда Аргентина Алжирді 3:0, Аустрия Иорданияны 3:1 есебімен жеңді.
Әлем чемпионатының финалдық кезеңі бір айдан астам уақытқа созылады. Турнир жеңімпазы 19 шілде күні Истер-Ратерфорд қаласындағы MetLife стадионында анықталады.
Биылғы дода бірнеше көрсеткіш бойынша рекорд жаңартпақ. Егер 1930 жылы өткен алғашқы әлем чемпионатына 13 құрама қатысқан болса, қазір олардың саны 48-ге жетті.
Турнирдің басты жаңалықтарының бірі — жарыс форматының өзгеруі. Топтық кезеңде 48 құрама төрт командадан құралған 12 топқа бөлінеді. Плей-офф кезеңіне әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар, сондай-ақ үшінші орын иеленген құрамалардың ішіндегі үздік сегізі жолдама алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында Кабо-Верде мен Уругвай тең ойнады.