Бүгін әлем кубогында Қазақстан атынан қанша боксшы шығады

АСТАНА. KAZINFORM - World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 25 сәуірде ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шығады.

бокс
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.

Күндізгі сессия

80 келі. Жібек Жарасқызы - Эмилия Котерска (Польша)

85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы - Валериж Уолтер (Германия)

60 келі. Виктория Графеева - Анета Элзивета Рыгельска (Польша)

Кешкі сессия

65 келі. Аида Әбікеева - Ошин Дирию (Бельгия)

51 келі. Алуа Балқыбекова - Ксиню Ки (Қытай)

80 келі. Диас Молжігітов - Уондерлей Перейра (Бразилия).

Айта кетсек, 24 сәуірде Аида Әбікеева (65 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі),Виктория Графееева (60 келі), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) қарсыластарын жеңсе, Даниял Сәбит (50 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі) жарыс жолынан шығып қалды.