Бүгін Америка кубогында Аргентина мен Канада құрамалары кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Америка кубогында бүгін, 10 шілдеде 1/2 финалда Аргентина және Канада құрамалары кездеседі.

Кездесу қазақстандық уақытпен 04:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, 1/4 финалда танымал жұлдыз Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы Эквадорды пенальтилер сериясы арқылы жеңіп, жарыстың келесі сатысына шықты.
Әзірге Америка кубогында Лионель Мессидің қанжығасы майланған жоқ. Бірде-бір кездесуде гол соққан жоқ. Сондай-ақ 11 шілдеде Уругвай мен Колумбия шеберлік байқасады.
Биыл Америка кубогы 20 маусым мен 14 шілде аралығында АҚШ-тың 14 қаласында өткізіледі.
Америка кубогы 1916 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін Аргентина мен Уругвай -16, Бразилия - 9, Парагвай, Чили, Перу - 2, Клоумбия мен Боливия - 1 мәртеден чемпион атанды.