Бүгін Астанада және тағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Орталық парк, ауа сапасы
Фото: Kazinform

– 17 мамырда Алматы қаласында, түнде Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда автобустары ауаны ластаған автопарктер 13 млн теңге айыппұл төледі.

Ал радиоактивті қалдықтарды басқаруға арналған жаңа заң қандай өзгерістерді қамтитынын мына сілтемеден оқи аласыз. Заңның негізгі мақсаты – радиоактивті қалдықтарды басқарудағы құқықтық тетіктерді жетілдіріп, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарын күшейту.