Бүгін ауа сапасы нашарлайтын қалалар саны күрт көбейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 17 қыркүйекте Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Алматы қалаларында, түнде Өскемен, Семей, Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Атырауда ауа сапасының нашарлауына әсер ететін негізгі факторлар аталды.
Ал Өскемен қаласында ауаға тараған үш зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені анықталды.
Шығыс Қазақстан облысында экологиялық заңнама талаптарын бұзған әкімдер жауапқа тартылды. Сондай-ақ Қарағанды облысында экологиялық заң бұзушылықтарға 57 млн теңгеден астам айыппұл салынды.