09:12, 27 Сәуір 2026 | GMT +5
Ауа температурасы -2°C дейін төмендеп, үсік жүреді
АСТАНА. KAZINFORM — 27 сәуірде солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы -2°C дейін төмендеп, үсік күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ жазды.
Күндіз ауа температурасы төмендейді:
- солтүстікте +10…+15°C дейін,
- орталықта +10…+18°C дейін,
- шығыста +7…+20°C дейін,
- оңтүстікте +15…+25°C дейін.
Батыс өңірлерде температура біртіндеп +7…+15°C-тен +15…+20°C-қа дейін көтеріледі.
27 сәуірге Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын.