Бүгін барлық қалада ауа сапасы талапқа сай болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 1 шілде күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Шымкентте жағымсыз иіске шағым азаймай тұр. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорындарға 89,6 млн теңге айыппұл салынды.
Ал Алматыда 2026-2028 жылдарға қоршаған ортаны қорғау жоспары бекітілді.