07:33, 18 Қаңтар 2025 | GMT +5
Бүгін бес қалада ауа сапасы бұзылады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

-2025 жылғы 18 қаңтарда Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде, -делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін Алматыда екі күн қатарынан ауа ластанғанын жаздық.