05:05, 17 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыда бүгін де ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

- 2025 жылғы 17 қаңтарда Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Алматыда жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасатынын кеше, 16 қаңтар күні де жазған едік.