Бүгін бес өңірде орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 13 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

дала өрті
Фото: Видеодан алынған кадр

Өңірлер бойынша:

Алматы облысы – 1 өрт;

Шығыс-Қазақстан облысы – 1 өрт;

Қызылорда облысы – 1 өрт;

Павлодар облысы – 1 өрт;

Семей орманы МОТР – 1 өрт.

Орман өрттері мемлекеттік орман күзетінің бақылауы және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК мамандарының әуе патрульдеуі барысында дер кезінде анықталды. Өрт туралы ақпарат түскеннен кейін қажетті күштер мен арнайы техника жедел түрде жіберілді.

Өртті сөндіру жұмыстарына орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның тікұшақтары мен әуе десанттары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртке қарсы іс-шаралардың барысы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бақылауында.

Осыған дейін Астанада салынып жатқан тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқаны туралы жаздық.