Бүгін «Бетис» пен «Челси» Конференция лигасының кубогын сарапқа салады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Конференця лигасының финалында «Бетис» (Испания) пен «Челси» (Англия) командалары кездеседі.

Бүгін «Бетис» пен «Челси» Конференция лигасының кубогын сарапқа салады
Фото: Фабрицио Романоның парақшасынан

Ойын қазақстандық уақытпен 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Кездесу Польшаның Вроцлав қаласындағы «Тарчиньски Арена» стадионында өтеді. 

Аталған ойынға испаниялық клуб сапынан қорғаушы Диего Льоренте, жартылай қорғаушы Марк Рока, Эктор Бельерин жарақатына байланысты қатыса алмайды. Ал «Челси» сапынан қорғаушы Уэсли Фофана, Аарон Ансельмино, жартылай қорғаушы, Омари Келлиман. шабуылшы Датро Фофана кездесуден тыс қалып отыр.

«Бетис» өз тарихында алғаш рет еурокубок ойындарында алғаш рет финалға шығып отыр. Ал «Челси» қазірге дейін 2012, 2021 жылдарда Чемпиондар лигасын жеңіп алса, 2013, 2019 жылдарда Еуропа лигасында жеңімпаз болды. 

Конференция лигасы турнирі 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Рома» (Италия), «Олимпиакос» (Грекия) командалары бір-бірден кубокты иеленді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» командасы 2025 жылғы UEFA Еуропа лигасының чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар