Бүгін елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 2026 жылғы 23 шілдеді еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде жауын-шашын мол түседі.
Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша желдің күшейіп, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Астанада — құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15 °C, күндіз +23…+25 °C.
Алматыда — құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +19…+21 °C, күндіз +29…+31 °C.
Шымкентте — құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19…+21 °C, күндіз +30…+32 °C.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет еліміз бойынша ауа райына байланысты ескерту жасағанын хабарлаған едік.