Бүгін еліміздің барлық аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел соғады

Қазгидромет ел аумағында 7 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Тұман түсіп, жел күшейеді: 25 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Kazinform

Синоптиктердің дерегіне қарағанда, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Жауын-шашын, көбінесе солтүстікте қарлы бұрқасын түрінде, оңтүстік-шығыста көбінесе жаңбыр жауады. Еліміздің барлық аймағында тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжануда», — деп жазды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар