Бүгін еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай — синоптиктер болжамы
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 2026 жылғы 10 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда автобустары ауаны ластаған автопарктер 13 млн теңге айыппұл төледі.
Сондай-ақ Қарағанды облысындағы Топар МАЭС-іне атмосфераға шығарылған зиянды заттар үшін айыппұл салынды.