Бүгін еліміздің екі өңірінде орман өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылы 12 тамызда Республика бойынша 2 орман өрті — Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндіру қызметіне мемлекеттік орман мекемелерінің күштері мен құралдары сонымен қатар, «Казавиаорманқорғау» РМҚК әуе десанттары және су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшағы жұмылдырылды.
— «Казавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлерінің әуе патрульдеуі барысында және өрттерді жедел анықтау жүйесі арқылы өрт ошақтары анықталған сәттен бастап жедел хабарлау арқылы қажетті күш құралдар уақытылы өрт орнына жетіп, аз уақыт ішінде оқшаулап, толық сөндірді, — делінген хабарламада.
Ведомство өрт қауіпті кезеңде азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Осыған дейін кеше Ақмола облысында үш орман өрті тіркелгенін жазғанбыз.