Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасының нашарлайтыны анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 14 наурызда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Атырау, Орал, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, түнде Астана қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда жүздеген автобус ауа сапасын бұзуға себепші болып келе жатқанын жаздық.