Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

— 26 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, түнде Астана, Қостанай қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Атырауда ауадағы күкіртсутегінің мөлшері нормадан 10 есе асып кеткен.

Ал Алматыда жылыту маусымы аяқталса да, ауа сапасы жақсармай тұр.