Бүгін елордада 9 автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM — № 4, 4А, 21, 43, 58, 502, 66, 84, 82 бағдарлардың қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тәуелсіздік даңғылының Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 22-23 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектелді.
Кеше № 19, 52 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді.
Бас қалада сондай-ақ № 19, 28, 52, 66 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгеретіні хабарланды.
Елордада сондай-ақ Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылды.