Бүгін Еуропа чемпионатында қай құрамалар ойнайды

футбол
Фото: euro2024 Instagram парақшасы

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының екінші ойын күні, 15 маусымда үш ойын өткізіледі.

Алдымен 18:00-де А тобында. Венгрия мен Швейцария ойнайды.

Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін 46 мәрте кездескен, оның 30-ы венгриялық құраманың басымдығымен аяқталса, 5-і тең аяқталып, қалғанында швейцариялық футболшылар жеңіске жетті.

Құрлықтық додада Венгрия бесінші мәрте бақ сынап отырса, Швейцария алтыншы мәрте қатысуда.

Одан кейінгі Испания мен Хорватия ойыны 22:00-ге белгіленген. Кездесуді жанкүйерлер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазірге дейін екі құрама 10 мәрте шеберлік байқасты. Олардың 5-і испаниялық құраманың жеңісімен аяқталса, 2-де тең нәтиже тіркеліп, қалғанында Хорватияның мерейі үстем болды.

Испания биыл құрлықтық дода финалдық сатысында оныншы мәрте ойнап жатса, Хорватия жетінші мәрте келді.

Бүгінгі ойындарды сағат 23:55-те Италия мен Хорватия кездесуі түйіндейді. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама арасындағы бұған дейінгі 4 кездесудің барлығында италиялық футболшылар жеңіске жетті.

Еске салсақ, 14 маусымда А тобындағы Германия құрамасы алғашқы кездесуінде Шотландияны 5:1 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұдан бұрын футболдан Еуропа чемпионатының ойын кестесі жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар