Бүгін Еуропа чемпионатында қай құрамалар ойнайды

футбол
Фото: instagram.com/euro2024

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының оныншы ойын күні, 23 маусымда үшінші тур ойындары басталады.

А тобында Швейцария мен Германия ойнайды.

Кездесу Франкфурт қаласындағы «Дойче Банк Парк» стадионында болады.

Екі құрама бұған дейін 36 мәрте кездесті. Швейцария 8, Германия 21 мәрте жеңіске жетсе, қалғаны тең нәтижемен аяқталды.

Сондай-ақ аталған топтағы тағы бір кездесу Шотландия мен Венгрия арасында болады.

Кездесу Штутгарт қаласындағы «Мерседес-Бенц-Арена» стадионында болады.

Қазірге дейін құрамалар 9 мәрте кездесіп, 3-де Шотландия, 4-де Австрия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Ойындар Қазақстан уақытымен 00.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы турда Германия Шотландия 5:1, Швейцария Венгрияны 3:1 есебімен жеңді.

Екінші турда Германия Венгрияны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Шотландия мен Швейцария 1:1 есебімен тең ойнады.

Еске салсақ, 22 маусымда F тобында Грузия мен Чехия 1:1 есебімен тең ойнаса, Португалия Түркияны 3:0 есебімен жеңді.

Ал E тобында Бельгия Румынияның 2:0 есебімен осал тұсын тапты. 

Соңғы жаңалықтар
telegram