Бүгін футболдан бірінші лигада 3-тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 24 сәуірде футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары басталады. 

футбол
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Доп додасында биыл 14 команда бақ сынайды. Аталған тур ойындары 24-25 сәуір күндеріне белгіленген.

Бүгін, 24 сәуірде «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Ақтөбе-2», «Түркістан» мен «Жетісай» (Түркістан облысы), «SD Family» (Астана) мен AKAS (Алматы), «Каспий» (Ақтау) мен «Оңтүстік академиясы» (Шымкент) командалары кездеседі.

Ал 25 сәуірде «Тараз» бен «Алтай» (Өскемен), «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ертіс» (Павлодар) пен «Қайрат-2» (Алматы) ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Екі турдан кейін ұпай жоғалтпаған «Ертіс», «Каспий», «Шахтер» командалары алғашқы үш орынды өзара бөлісіп тұр.

Соңғы жаңалықтар