Бүгін футболдан бірінші лигада 4-тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 1 мамырда футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары басталады. 

футбол
Фото: Видеодан алынған скрин

Доп додасында биыл 14 команда бақ сынайды. Аталған тур ойындары 1-2 мамыр күндеріне белгіленген.

Бүгін, 1 мамырда «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «SD Family» (Астана), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) мен «Ақтөбе-2», «Қайрат-2» (Алматы) мен «Екібастұз» (Павлодар облысы) командалары кездеседі.

Ал 2 мамырда «Тараз» бен «Каспий» (Ақтау), AKAS (Алматы) пен «Хан тәңірі» (Алматы), «Академия Оңтүстік» (Шымкент) пен «Түркістан» ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Үш турдан кейін ұпай жоғалтпаған «Ертіс», «Каспий», «Шахтер» командалары алғашқы үш орынды өзара бөлісіп тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Премьер-лигада «Атырау» қатарынан жетінші мәрте жеңілді.

Соңғы жаңалықтар