Бүгін футболдан ел біріншілігінің он төртінші туры басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 13 шілдеде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХІV туры басталады.

 футбол
Фото: KazFootball.kz

13 шілдеде екі ойын өтеді. Алдымен 18:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған) жасыл алаңға шығады.

Одан кейін 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Елімай» (Семей) кездеседі.

Ал 14 шілдеде 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.

Аталған турда 13 шілдеге белгіленген «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тұран» (Түркістан), 14 шілдедегі «Атырау» мен «Ақтөбе», «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесулері кейінге шегерілді. Бұл шешім «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тобыл» командаларының еурокубок ойындарына қатысуына байланысты қабылданып отыр. 

Бұл турдың ойындарын «Qazsport», «Q Football», «Q Arena» телеарналары мен QFL.KZ сайтынан тамашалауға болады.

Айта кетсек, он үш турдан кейін 25 ұпаймен «Ордабасы» көш басында келе жатса, «Ақтөбенің» - 22, «Қайраттың» -21 ұпайы бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» көш басына шықты.

Соңғы жаңалықтар