Бүгін футзалдан Қазақстан біріншілігінің V туры басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл турдың ойындары 4-5 қазан күндеріне белгіленген. 

Бүгін футзалдан Қазақстан біріншілігінің V туры басталады
Фото: nstagram.com/afckairat

Көш басында келе жатқан «Семей» аталған турда «Қарағанды» командасын қабылдайды. 

Семейлік клуб биылғы біріншілікті сәтті бастады. Қазірге дейін төрт турда бірде-бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Турнир кестесінде 12 ұпаймен «Ақтөбемен» бірге бірінші және екінші орынды өзара бөлісіп тұр. 

Ал алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Атыраумен» кездеседі. Өткен турда «Семейден» екі мәрте жеңіліп қалған олар бұл жолы ұпайдан шашау шығармауға тырысады.

Сондай-ақ аталған турда «Тұлпар» (Қарағанды) мен «Шымкент», «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Аят» (Қостанай облысы) мен «Астана», «Жетісу» (Талдықорған) пен «Байтерек» (Орал) шеберлік байқасады.

Айта кетсек, футзалдан ел біріншілігінде биыл 12 команда бақ сынап жатыр.

Еске салсақ, биыл Алматының «Қайраты» футзалдан суперкубок иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар