Бүгін хоккейден әлем чемпионатында екінші ойын күні өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионаты екінші ойын күні, 16 мамырда алты ойын өткізіледі.
Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген.
А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.
Ойындар тізімі
- 15:20. Ұлыбритания - Аустрия
- 15:20. Словакия - Норвегия
- 19:20. Венгрия - Финляндия
- 19:20. Италия - Канада
- 23:20. Словения - Чехия
- 23:20. Швейцария - Латвия.
Айта кетсек, 15 мамырда өткен ойындарда Канада Швецияны 5:3, Финляндия Германияны 3:1 есебімен жеңсе, АҚШ Швейцарияға 1:3, Дания Чехияға 1:4 есебімен жол берді.
Қазірге дейін Канада - 28 Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.
Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.