Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы
Фото: Magnific.com

— 16 тамызда Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Атырауда экология талаптарын бұзғандарға 2,4 млрд теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ Оралда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының өртенуіне байланысты кәсіпорын айыппұл арқалады.