Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХХVІ тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл турдағы ойындар 12 және 13 қыркүйек күндеріне белгіленген.
Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда бақ сынап жатыр. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.
Премьер-Лига, ХХVІ тур ойындары:
12 қыркүйек
17:00. «Каспий» — «Ақтөбе»
18:00. «Елімай» — «Жетісу»
19:00. «Ордабасы» — «Астана»
19:00. «Жеңіс» — «Қызылжар»
20:00. «Қайсар» — «Атырау»
5 шілде
16:00. «Ертіс» — «Оқжетпес»
17:00. «Ұлытау» — «Алтай»
19:00. «Қайрат» — «Тобыл».
Айта кетсек, жиырма бесінші турдан кейін 55 ұпаймен «Қайрат» көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Ордабасының» 55, «Астананың» 45 ұпайы бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХХV туры мәресіне жетті.