Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХVІІ тур ойындары өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл турдағы алты ойын 11 және 12 шілде күндеріне белгіленген.
Бүгін, 11 шілдеде үш кездесу өткізілсе, 12 шілдеде үш ойын болады.

футбол
Фото: «Астана» футбол клубы

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.

Премьер-Лига, ХІІІ тур ойындары:

11 шілде

17:00. «Ертіс» — «Жеңіс»
18:00. «Жетісу» — «Алтай»
20:00. «Каспий» — «Ордабасы»

12 шілде

18:00. «Ұлытау» — «Қайсар»
19:00. «Астана» — «Ақтөбе»
20:00. «Тобыл» — «Оқжетпес».

Бұл турдағы алдын-ала өткізілген ойында алматылық «Қайрат» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» 3:0, «Атырау» сырт алаңда Семейдің «Елімайын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, он алтыншы турдан кейін 40 ұпаймен «Ордабасы» көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 35, «Оқжетпестің» 27 ұпайы бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Елімай» «Қызылжарды» қатарынан екі рет жеңді.