Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы, экология
Фото: Pexels

— 24 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Ақтауда жаз басталғалы жағымсыз иіс күшейді.

Елімізде экологиялық тәртіпті бақылау үшін 1,4 мыңға жуық мобильді топ жұмыс істеп жатыр.