Бүгін Жетісу облысында үсік жүреді

Қазгидромет ел аумағында 18 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Үсік
Фото: Kazinform

"Еліміздің басым бөлігінің ауа райын әлі де кең ауқымды антициклон анықтайтын болады, соған байланысты ашық, көбінесе жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Тек еліміздің солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі", - деп жазды ведомстводан.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті