Бұл - барша отандастарымыздың мейрамы - Л.Тұрсынова, кәсіпкер, БҚО

ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні, меніңше, «Нау​​рыз», «Тә​уелсіздік күні» мерекесі секілді, кең көлемде тойланғаны дұ​рыс. Себебі бұл - тек бір ғана Президенттің күні емес, барша отан​дас​тарымыздың мейрамы.
None
None

Бұл туралы батысқазақстандық кәсіпкер, Орал қалалық мәслихатының депутаты Ляна Тұрсынова мәлім етті. 

- Елбасыны бү​кіл әлем таниды. Бұған жақында Америкаға іссапармен барғанда көзім жетті, деді ол. Жолда келе жатып, таксиші жігіт менің қайдан келгенімді сұрады. Мен оған «Қазақстаннан» деп қысқаша жауап бердім. Ол түсінбегендей түр көрсеткесін, мен оған «Қазақстан - Назар​баев» дедім өз тілімде. Сол кезде ол маған жалт қарап, «А...а...Назар​баев - Казахстан» деді қолдарымен ишарат жасау арқылы оны білетіндігін көрсетіп.

Міне, көрдіңіз бе, біздің Елбасымызды қарапайым американдыққа дейін біледі. Нұрсұлтан Назарбаев әлем халықтары алдындағы беделді өзінің біліктілігімен, көрегенділігімен, парасатты саясатымен жинады.

Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді нарықтық қатынасқа көшіру арқылы тә​уелсіз жас мемлекетті аяғынан тік тұрғызды. Елбасынң Тұңғыш  Президент күніне байланысты «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған қазақстандықтарға жолдаған құттықтауында, Президенттік жүйе құрылғаннан бергі мемлекеттігіміздің қалыптасу кезеңіне жан-жақты талдау жасалған. Президент осы мақаласында атап өткендей, «осы жылдар ішінде біз әлемдегі лайықты ұлтқа айналдық». Соның бәрі Елбасының сарабдал саясатының арқасы.  Бү​гін​де Елбасы тапсырмасы бойынша барша қазақстандық болып, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстанудамыз. Бизнес өкілдері мемлекет тарапынан мықты қолдауға ие. Өз басым шағын және орта бизнесті дамыту арқылы бай-бақуатты елге айналатынымызға сенемін. Ылғи да адамдар арасындағы бауырмалдықты, халықтар достығын басты назарда ұстайтын Нұрсұлтан Әбішұлы секілді кемеңгер Елбасымыз аман болсын!

Соңғы жаңалықтар